20 ғасырдың басы
Ағартушылық
1916-1920
Партия, Автономия
Тұлға
100

1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясы кімге арнап жазылған?

ІІ Николай 

100

1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарық көрген алғашқы қазақ газеті:

Қазақ газеті (Ахмет Байтұрсынұлы)

100

Бірінші Дүниежүзілік соғыс орын алған жылдар:

1914-1918 жж.

100

1917 жылы шілдеде орын алған І Жалпықазақ сьезінде қабылданды:

Алаш партиясын құру туралы шешім

100

Ол Шыңғыс тұқымынан шыққан. Санкт-Петербургте ормантанушы мамандығын бітірген. Орыс географиялық қоғамының мүшелігінде болған. 1904 жылы Щербина экспедициясына қатысқан. Алаш партиясының жетекшісі. 1937 жылы репрессияға ұшырады.

Әлихан Бөкейханов

200

1904 жылдан бастап ағылшындар ашқан Қазақ жеріндегі кен орындары:

Спасск мыс зауыты, Саран-Қарағанды таскөмір кен орны

200

1911-1915 жылдары Троиц қаласында жарық көрген бірінші қазақ журналы:

Айқап журналы (Мұхаммеджан Сералин)

200

1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің Торғайдағы мергендер отрядын басқарған кім?

Кейкі батыр (Нұрмағамбет Көкембаев)

200

1917 жылы Қоқан қаласында 26-29 қараша аралығында құрылған автономия. 

Түркістан автономия

200

Ол қазақ тілі мен әдебиеті ғылымдарының негізін салушы. Қазақ газетінің редакторы. Алғашқы әліппенің реформаторы. Оның “Тіл Құрал”, “Маса” сияқты туындылары бар:

Ахмет Байтұрсынұлы

300

Ахмет Байтұрсыновтың “қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды” деген сөздері қандай оқиғаға байлаанысты айтылған?

Столыпинннің аграрлық реформасы (1906 жыл)

300

1907 жылдан бастап Санкт- Петербург қаласында шығып тұрған Татарлардың “Ульфат“ газетіне қосымша газеті:

Серке газеті (Міржақып Дулатұлы)

300

1917 жылы Ресейде орын алған Ақпан мен Қазанда орын алған революциялардың нәтижесі:

1917 жылы ақпан революциясы- Монархия құлады (ІІ Николай), билікке Уақытша өкімет келді

1917 жылы қазан революциясы- Уақытша өкімет құлады, билікке большевиктер келді

300

1917 жылы Омбыда Алаш партиясына оппозициялық мақсатта құрылған партия:

Үш Жүз партиясы. Негізін қалаған Мұқан Әйтпенов

300

Түркістан автономиясының жетекшісі. Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. Алаш қайраткері. ІІ Мемлекеттік Думада Жетісу облысының депутаты болған:

Мұхаммеджан Тынышпаев

400

1901-1905 жылдары салынған Қазақ даласының оңтүстігі мен солтүстігін байланыстырған алғашқы теміржол. Және оның жетекшісі кім?

Орынбор-Ташкент теміржолы. Жетекшісі: Мұхаммеджан Тынышпаев

400

1914-1918 жылдары жұмыс істеген “Бірлік” ұйымының жетекшісі, “Балапан” журналының бас редакторы:

Қошке Кемеңгерұлы

400

1918-1920 жылдары азамат соғысы кезінде 1- Ақтөбе майданында қызыл әскердің төтенше комиссары. Оны қазақтан шыққан тұңғыш жер шарын айналып шыққан саяхатшы деп те атайды:

Әліби Жангельдин

400

1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласындағы ІІ Мемлекеттік Думада қабылданған шешім:

Алаш автономиясын құру туралы шешім

400

Алғашқы қазақ заңгері. ІІ Мемлекеттік Думада қоныстандыру саясатының ауыр зардабын ашық айтқан Орал облысының депутаты:

Бақытжан Қаратаев

500

либералды-демократиялық бағытты ұстанушы қазақ зиялылары?

Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынұлы

500

алғашқысы X ғасырдан-1929 жылға дейін, екіншісі 1929-1940, қазіргісі 1940 жылдан бастап қолданып келеді:

X ғасырдан-1929 жылға дейін араб үлгісіндегі жазу (төте), 1929-1940 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы енгізген латын әліппесі, 1940 жылдан бастап Сәрсен Аманжолов енгізген кирилл әліппесі қолданылып келеді

500

1918 жылы азамат соғысы кезінде Орынбор-Ташкент теміржолын кесіп тастаған ақтардың қолбасшысы:

Атаман Дутов

500

1911 жылы жарыққа шыққан “Қазақтар елінің жарғысы” құжатының авторы: 

Барлыбек Сыртанов

500

Түркістан автономияның жетекшілерінің бірі. Түркі халықтарының құқығы үшін күресті. Германияда, Францияда айдауда болды.

Мұстафа Шоқай