«Элита» терминін талдап бер?
Конфуцийдің элита туралы пікірі?
Конфуций адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (карапайым) адамдарға бөлді.
Элитология деген не?
Ол ғылымның арнайы саласы.Ол элиталардың калыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс- төсілдерін және т.б. зерттейді.
«Элита» термині алғашында қай салада пайдаланылды және мағынасы?
Платонның элиталар туралы пікірі?
билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Платон қоғамды билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге бөлді.
Саяси элиталарды қалыптастырудың жолдары?
2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі.
Саяси элита дегеніміз не?
Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражат- ты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мөртебесі мен ықпалы бар үйымдаскан топты айтады.
Гаэтано Москаның элита теориясы қалай тұжырымдалады?
Гаэтано Моска бойынша қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді. Оған ұйтқы болатын қасиеттер: әскери ерлік, байлық, діни дәреже (мәртебе). Осы үш қасиет адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?
1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік теңсіздіктері;
3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады;
4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы.
«Элита» терминін ғылыми айналымға кім енгізді?
Вальфредо Парето
Вальфредо Паретоның теориясы қалай аталады, оны түсіндір?
Р.Ж. Шварценбергердің теориясын түсіндіріңіз?
Ол қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Элита саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді баскарады. Өз қатарына өзгелерді кіргізбеуге тырысады.
Саяси элитаның басты қызметі қандай?
Стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Роберт Михельстің теориясы қалай аталады, оны түсіндір?
Райт Миллстың теориясы қалай тұжырымдалады?
Райт Миллс элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең манызды рөл аткаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.