Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз не?
Бұл – компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін барлық бағдарламалар жиынтығы (операциялық жүйе, драйверлер, қолданбалы бағдарламалар, утилиталар).
Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
Ақпаратты жинақтап, сақтау, өңдеу және пайдаланушыға жеткізуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені.
Виртуализация дегеніміз не?
Бір физикалық компьютерде бірнеше операциялық жүйелерді немесе виртуалды машиналарды қатар іске қосуға мүмкіндік беретін технология.
МҚБЖ-ның бір қызметін ата.
Мәліметтерді қосу, өшіру немесе түзету.
DHCP протоколының негізгі қызметі қандай?
DHCP құрылғыларға IP-адрестерді автоматты түрде береді.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі екі түрін ата.
Аппараттық жабдықтаманы басқаруға арналған – жүйелік бағдарламалар;
Пайдаланушының нақты жұмысын орындайтын – қолданбалы бағдарламалар.
Ақпараттық жүйелердің жұмысын қолдау принциптерінің негізгі мақсаты қандай?
Жүйенің тұрақты, сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
VirtualBox қандай ерекшелігімен танымал?
Ашық кодты, тегін және әртүрлі платформаларда (Windows, Linux, MacOS) жұмыс істейді.
МҚБЖ-ға мысал келтір.
MySQL, MS Access
DNS қандай мақсатта қолданылады?
DNS домендік аттарды (мысалы: google.com) IP-адрестерге түрлендіреді.
Linux операциялық жүйесі қай жылы Линус Торвальдстің есімімен қойылдыL
1991 жылы
Ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қандай қолдау шаралары қолданылады?
Құрал-жабдықты уақтылы тексеру;
Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту;
Резервтік көшіруді ұйымдастыру;
Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;
Ақауларды дер кезінде жою.
VMware қай салада көбірек қолданылады және неге?
Кәсіби және серверлік ортада қолданылады, себебі оның өнімділігі жоғары әрі тұрақтылығы сенімді.
Реляциялық мәліметтер қоры қалай сақталады?
Кестелер түрінде.
VPN-нің қауіпсіздік тұрғысынан пайдасын түсіндір.
VPN интернеттегі деректерді шифрлайды, құпиялылықты сақтайды және сыртқы шабуылдардан қорғайды.
Жүйелік, қызметтік және қолданбалы бағдарламалардың айырмашылығын түсіндір.
Жүйелік бағдарламалар (Windows, Linux) – компьютердің негізгі жұмысын қамтамасыз етеді.
Қызметтік бағдарламалар (антивирус, архиватор) – жүйені қорғау және оңтайландыруға арналған.
Қолданбалы бағдарламалар (Word, Excel, Photoshop) – нақты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелердің жұмысын қолдауда «резервтік көшіру» не үшін қажет?
Мәліметтердің жоғалып кетпеуі үшін және апат кезінде деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Hyper-V тек қай операциялық жүйеде жұмыс істейді және ол қандай мақсатта қолданылады?
Hyper-V тек Windows жүйесінде жұмыс істейді және көбінесе серверлік, корпоративтік ортада қолданылады.
МҚБЖ-ның негізгі түрлерін ата және бір мысал келтір.
Иерархиялық
Желілік
Реляциялық
Объектілі-бағдарланған
gTLD қандай сайт атау қолданылады?
.edu, .ai
Программалау БҚ не үшін қажет
Жаңа бағдарлама жасау үшін
Егер ақпараттық жүйеде қолдау принциптері сақталмаса, ұйым жұмысына қандай қауіп төнуі мүмкін?
Мәліметтердің жоғалуы немесе бұзылуы;
Жүйенің тоқтап қалуы;
Қызмет көрсету сапасының төмендеуі;
Қаржылық шығындар;
Ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнуі.
VirtualBox, VMware және Hyper-V-ді салыстырғанда олардың негізгі артықшылықтары мен шектеулерін ата.
VirtualBox: тегін, оқуға ыңғайлы, бірақ өнімділігі орташа.
VMware: тұрақты, кәсіптік деңгейдегі шешім, бірақ ақылы.
Hyper-V: Windows жүйесіне кіріктірілген, өнімділігі жоғары, бірақ басқа платформаларда қолдануға болмайды.
Неліктен реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері (РМҚБЖ) қазіргі кезде ең көп қолданылады?
Себебі олар мәліметтерді кесте түрінде сақтайды, SQL тілі арқылы басқару ыңғайлы, күрделі байланыстарды қолдайды, көп қолданушыға бейімделген және үлкен көлемдегі ақпаратпен сенімді жұмыс істей алады.
FTP клиент пен FTP сервердің айырмашылығы неде?
FTP клиент – пайдаланушы қолданатын бағдарлама, FTP сервер – файлдарды сақтап, пайдаланушыларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді.