Отбасылық бюджет дегеніміз не?
Отбасының белгілі бір уақыттағы (айлық) табысы мен шығысының жоспары.
Айлық табысқа не жатады?
Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, қосымша табыс.
Коммуналдық төлемдер бюджетте қай бөлімге жатады?
Міндетті шығындар.
Азық-түлікке жұмсалатын ақша қандай шығын?
Күнделікті шығын.
Қалта ақшасы бюджетке кіре ме?
Иә, ол шығын.
Ақшаны алдын ала жоспарлау не үшін керек?
Артық шығындалмау үшін.
Отбасының табысы 300 000 тг, шығыны 250 000 тг. Қанша ақша қалады?
50 000 тг.
Жинақ қоры не үшін қажет?
Төтенше жағдайға.
Отбасында 4 адам бар. Азық-түлікке 120 000 тг жұмсалады. Бір адамға қанша теңге?
30 000 тг.
Міндетті шығындарды ата.
Тұрғын үй ақысы, коммуналдық төлем.
Отбасының табысы 400 000 тг. Оның 10%-ын жинаққа салса, қанша теңге болады?
40 000 тг.
Шығын табыстан асып кетсе, қандай шешім қабылдау керек?
Шығынды қысқарту немесе табысты арттыру.
Бюджетте “қалаулы шығын” деген не?
Міндетті емес, бірақ қажет деп саналатын шығын.
Бюджет жүргізу баланы неге үйретеді?
Жауапкершілік пен үнемшілдікке.
Отбасында 30 000 тг ғана қалды.
Алда екі мүмкіндік бар:
Балаға киім – 25 000
Жинаққа салу – 30 000
Сұрақ:
Қандай шешім қаржылық тұрғыдан тиімді? Неге?
Жағдайға байланысты, бірақ жинаққа салу тиімді,
ал киімді келесі айға қалдыруға болады (шұғыл емес).
Отбасының айлық табысы – 350 000 тг.
Шығындары:
Коммуналдық – 60 000
Азық-түлік – 140 000
Несие – 70 000
Көлік – 40 000
Қалта ақшасы – 50 000
Сұрақ:
1️⃣ Ақша жетті ме?
2️⃣ Егер жетпесе, қанша теңге жетпейді?
3️⃣ Қай шығынды қысқартуға болады?
Жетпейді
Шығын = 360 000 → 10 000 тг жетіспейді
Қалта ақшасын немесе көлік шығынын
Отбасы ай сайын табысының 12%-ын жинақтайды.
Айлық табыс – 420 000 тг.
Сұрақ:
1️⃣ Бір айда қанша теңге жинайды?
2️⃣ 6 айда қанша болады?
50 400 тг
302 400 тг
Айлық табыс – 300 000 тг.
Ереже:
50% – қажетті шығын
30% – қалаулы шығын
20% – жинақ
Сұрақ:
Әр бөлікке қанша теңге бөлінеді?
Қажетті – 150 000
Қалаулы – 90 000
Жинақ – 60 000
1-отбасы:
– Жинақ жоқ, бірақ табысы көп
2-отбасы:
– Табысы аз, бірақ ай сайын жинақ бар
Сұрақ:
Қай отбасының қаржылық жағдайы тұрақты? Неге?
2-отбасы – себебі қаржылық қауіпсіздігі бар.
Отбасы бюджет жасаған, бірақ ай соңында ақша жетпейді.
Сұрақ:
3 мүмкін қатені ата.
– Артық шығын есептелмеген
– Жоспар орындалмаған
– Күтпеген шығын ескерілмеген