Жүсіп Баласағұнидің араб графикасымен жазылған әйгілі кітабы қалай аталады?
«Құтадғу білік»
Мақалды жалғастырыңыз: «Жақсының аты, ғалымның ... ....»
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді»
Жоғары білім берудің бірінші және екінші кезеңдері қалай аталады?
Бакалавриат және магистратура
Қазақстан Парламенті неше палатадан тұрады және оның негізгі қызметі қандай?
Екі палатадан (ж - Сенат және т - Мәжіліс) тұрады; негізгі қызметі — заң шығару мен бюджетті талқылау
Мақалды жалғастырыңыз: «Өнер алды — ....»
Өнер алды — қызыл тіл
«Алыпқашпа хабар» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз
Даурықпа хабар, анық-қанығы белгісіз лақап, қауесет
«Ғылым тапты» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз
Сабақ оқыды, білім алды
Мақалды жалғастырыңыз: «Отан үшін күрес – ... ... ....»
«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес»
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің негізгі мазмұны не туралы?
Кендебай батырдың ерлігі мен халыққа көмегі туралы
«Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы аты қандай?
«Социалистiк Қазақстан»
«Болашақ» бағдарламасының басты мақсаты не және ол кімдерге арналған?
Жастар мен ғылыми қызметкерлердің әлемнің жетекші оқу орындарында білім алу үшін
Қазақстан Туында қандай нышандар бейнеленген және олар не білдіреді?
Көгілдір түс — Бейбітшілік, бірлік.
Алтын күн — Байлық, береке.
Қыран (бүркіт) — Еркіндік, биіктік.
Ұлттық өрнек — Қазақ дәстүрі.
«Тілге тиек етті» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз
Бір нәрсені айтуға себеп қылу, әңгімеге арқау ету
Қазақ тіліндегі тұңғыш журнал қалай аталады?
«Айқап» журналы
Мақалды жалғастырыңыз: «Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ... ... ...»
«Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні»
Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы қалай аталады және оның құрамына кімдер кіреді?
Үкімет. Құрамына: Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер кіреді.
Қыпшақ тобына жататын 6 тілді атаңыз
Қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай-балқар, қырымтатар, қараим тілдері.
Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) қай жылдан бері жұмыс iстейдi?
1921 жылдан бері
Мәтінде аталған 4 ұлттық ойынды атаңыз
Тоғызқұмалақ, асық ойыны, ақ сүйек, бәйге
Христиан дінін ұстанатын түркі халықтарын атаңыз
Сібір түркілері, чуваштар мен гагауыздар