1
2
3
100

Бұл – Шағбан айының нешінші түні?

он бесінші

100

"Ләйләтуль Бараат" мағынасы қандай?

оттан құтылу түні

100

Сөйлемді толықтыр: "Шағбан айының ортасы болғанда түнін ______ , күндізін ______  өткізіңдер!"

ғибадатпен, оразамен
200

"Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да" кім айтты?

Пайғамбарымыз

200

ТОЛЫҚТЫР: 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызға: «Бұл түнде не болатынын білесің бе?» – деді. Айша анамыз (одан Алла разы болсын): «Уа, Алла елшісі! Бұл түнде не болады?» – деді. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда адам балаларының ___________ және ___________   жазылады. Онда олардың ___________ (Алланың құзырына) көтеріліп, ___________  (пенделеріне) түседі (белгіленеді)», – деді

 осы жылда туылатыны, осы жылы дүниеден өтетіндері

 амалдары, ризықтары

200

Бараат түнін немесе басқа да 4 түрлі қасиетті түндерді құлшылықпен ояу өткізу – мұстахаб. Сондықтан мұндай істерді жалғыз өткізген жақсырақ. Неге?

Хасан ибн Аммар Шурунбуләли (оны Алла рахмет етсін) бұл туралы: «Жоғарыда айтылған және басқа да қасиетті түндерді арнайы ғибадатпен өткізу мақсатында мешітке жиналу – мәкруһ. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да, сахабалар да олай істемеген», – деп айтқан.

300

Бараат түнінде қай намаздарды жамағат қылып оқыған

Құптан мен таң намазын жамағат болып оқу.

300

Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе, __________________ .

Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту

300

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – _____, ____, ____, ____, ____ түндері», – деген. Ол қандай түндер?

Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші

400

Бараат түнінде жасалатын 4 маңызды құлшылық

Құран оқу, нәпіл намаздар оқу, зікір, күндіз ораза ұстау

400

хадисте: «Алла елшісінің Шағбан айында ұстағандай көп ораза ұстағанын (басқа айда) көрмедім», – деген. Бұл хадисті кім жеткізді?

Айша анамыз

400

Усама бин Зәйдтен (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шағбан Ережеп пен Рамазан айларының арасындағы адамдар бұдан ғапыл болып жататын ай. Бұл айда амалдар Алла Тағалаға көтеріледі. Мен амалымның ____________  көтерілуін қалаймын», – деген. Қандай хәлінде?

ораза ұстаған хәлімде

500

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түні мұсылман ______ байланысын үзгендер, өзін ______ және ______ қарсы шыққандар кешірілмейді», – деген (Бәйһақи).

туысымен, жоғары санағандар,ата-анасына

500

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «______________________________________________________», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді»

Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін

500

Бір рияуаттарда былай дейді: - хайызы келген әйел әр намаздың уақытында70 мәрте истиғфар айтса, қанша рәкағат намаздың сауабы жазылады?

мың 

M
e
n
u